
Алматы қаласында осы аптадан бастап кикшеринг самокаттарын жалға алуға болады. Бұл туралы Whoosh компаниясы хабарлады.
Жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында Алматы қаласының полиция департаменті микромобильді транспортты қолдану мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүргізбек.
"2025 жылғы маусымда біз қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін жұмыстарды операторлармен бірге жалғастырамыз. Біздің ортақ мақсатымыз – апат санын азайту, жаяу жүргіншілер, көлік жүргізушілері және самокат тебушілердің өздері үшін жайлы жағдайлар жасау", – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бұл ретте 2024 жылы Whoosh самокаттарының қатысуымен болған оқиғалар жоқтың қасы екенін атап өту керек. Сапарлардың 99,9 сәтті болған. Дегенмен, компания қала әкімдігі мен полиция департаментімен қауіпсіздікті арттыруға күш салуды, жүргізушілер арасында құқық бұзушылқты төмендетуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, 2024 жылы Whoosh электр самокаттарын қолданушылар үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 177 пайызға артқан.