Алматыда бойжеткен көпқабатты үйден құлап көз жұмды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Алмалы аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды.

Алматыда бойжеткен көпқабатты үйден құлап, оқиға болған жерде көз жұмды. Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады.

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы мәлімет бойынша, жас қыз Алмалы ауданында орналасқан "Алтын Бұлақ 2" тұрғын үй кешенінен құлап кеткен. 

"Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету") бойынша, Алмалы аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көз жұмған бойжеткен 2005 жылы туған.

 

 

 

 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары