Алматыда бірқатар заңсыз коммерциялық нүктелер бұзылып жатыр

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
"Мечта", KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылды.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Жароков көшесі, 240/6 уч. бойынша рұқсат құжаттарынсыз салынған коммерциялық үй-жайлардың бөлшектелгені туралы хабарлады.

"Бұған дейін жоспардан тыс тексеру аясында басқарма "МАДИНА" ЖШС-не қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, бұзушылықтарды жоюға нұсқама берген болатын. Бүгінгі таңда меншік иесі нұсқама талаптарын орындау үшін объектіні ерікті түрде бөлшектеп жатыр", – делінген хабарламада. 

Жалпы, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 68 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары