Алматының Алатау ауданында мүлік ұрлығы болғаны анықталды. Кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері жарықтандыру бағандарының кем екенін байқап, полицияға хабарлаған. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
"Ұрлық жасау деректері жазылған бейнебақылау жүйелері қылмысты ашуға жақсы көмек болды. Біздің ауданымызда 20-дан астам осындай 0ылмыс жасалғаны белгілі болды. Қаскөйлер түнде ұрлық жасап жүрген. Олар ГАЗель жүк көлігімен келіп, жалға алынған манипуляторды әкеліп, тура іргедегі шам бағандарын кесіп, ұрлап кеткен. Біз 50-ден астам ұрланған бағандарды тәркіледік", – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Сондай-ақ, 32 және 24 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, заттай айғақ тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.