
Алматыда хирургтар екі жасар баланың асқазанынан 105 магнитті моншақты алып шықты. Бұл туралы 2025 жылғы 28 ақпанда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (ҚДСБ) айтты.
Екі жастағы бала ауруханаға 20 ақпанда жеткізілген. Ата-анасының айтуынша, бір апта бұрын қонаққа барғанда бала бөгде зат жұтып қойған.
Құрсақ қуысының рентгенографиясы барысында өлшемі 6,2×2,2 см болатын көптеген металл заттан құралған конгломерат анықталды. Бөгде затты алып тастау үшін бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.
"Мамандар бөгде затты эндоскопиялық әдіспен алуға тырысты, алайда магниттердің тығыз жиналғандықтан бұл мүмкін болмады. Осыған байланысты хирургиялық араласу - лапаротомия және гастротомия жасау туралы шешім қабылданды. Ота барысында баланың асқазанынан 105 магнитті моншақ алынды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы.