Алматының Полиция департаменті түсініктеме берді.
Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның кішкентай балаларға лифт ішінде күш көрсеткен бейнежазбасы тарады.
Бейнероликте оқиға 23 шілде күні сағат 16.36-те болғаны жазылған.
Аталған жағдайға Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді.
"Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Оның әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", – делінген хабарламада.