Алматы зообағы Instagram желісінде зообақта мекен ететін аюлар – Құрманбек пен Герданың жаңа төлдері дүниеге келгенін хабарлады. Олар жаңа жыл алдында, 29 желтоқсанда дүниеге келген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Соған орай, зообақ қонжықтарға ат беру үшін байқау жариялауды жоспарлап отыр. Әзірге қонжықтардың жынысы белгісіз. Олар жарты жыл бойы енесінің сүтін еметіндіктен, оларды ажыратуға болмайды.
"Қазір Гердаға лайықты мөлшерде азық берілуде. Оның сүйікті қорегінің ішінде – жеміс-жидек, ет, балық, ботқа, нан, жарма, түрлі витаминдер бар. Қазіргі уақытта Герда қонжықтарымен бірге өзінің апан-үйшігінде. Ол кішкентай аюларды қызметкерлерге де көрсеткісі келмей, бауырына басуда. Күн жылына бастағанда және қонжықтар кішкене өсіп-жетілгенде Герда оларды даладағы қоршауға шығаратын болады", – делінген Алматы зообағының хабарламасында.
Герда бұған дейін екі рет, 2017 және 2021 жылдары қос қонжықтан төлдеген. Олар Ник, Нельсон, Кенай, Кода атын алған болатын.
Оқи отырыңыз: Алматы хайуанаттар бағында лама төлдеді