Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы "Алматы жастары" қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасының алдын ала қорытындысын шығарды. Өтініштер 2022 жылдың 18 мамырынан 1 маусымына дейін қабылданды, деп мәлімдеді басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров.
"Алматы Жастары" бағдарламасы аясында биыл үй алуға үміткер азаматтардың тізімі:
Биыл бағдарламаға қатысуға барлығы 11 199 өтініш келіп түсті:
- білім беру – 3 943;
- денсаулық сақтау – 3 096;
- әлеуметтік сала – 1 384;
- ЖОО мен ҒЗИ – 1 208;
- құқық қорғау органдары – 792;
- мәдениет – 453;
- БАҚ – 187;
- спорт – 136.
Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 1 676 өтінімді мақұлдады, олар мына салалар бойынша:
- білімі – 539;
- денсаулық сақтау – 444;
- құқық қорғау органдары – 263;
- ЖОО мен ҒЗИ – 257;
- мәдениет – 89;
- БАҚ – 35;
- әлеуметтік сала – 31;
- спорт – 18.
"Салалар бойынша жинаған балдарына байланысты 1 000 үміткерге сайттағы жеке кабинетке "Отбасы банк" АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама берілетін болады. Жолдама алған өтініш берушілер төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін 15 жұмыс күні ішінде "Отбасы банк" АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуі қажет. Төлем қабілеттілігін сәтті растаған қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы және қайталама нарықтардағы тұрғын үйді таңдай алады. 676 қатысушы негізгі тізімнің төлем қабілеттілігін бағалаудан өткенге дейін резервтік тізімде болады", – деді Ермек Әміров.
Мұнымен қатар, басқарма өкілі көптеген өтініштің мақұлданбауының негізгі себебін атады.
"Келіп түскен өтінімдерді өңдеу кезінде оларға жолдаманың не үшін берілмеген себептері мыналар: жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, ҚР бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің болуы, соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді иеліктен шығару, соңғы 6 айда зейнетақы төлемдерінің болмауы, ҚР бойынша тұрғын үйдің бар/жоқ екендігі туралы барлық отбасы мүшелеріне анықтамалардың болмауы, ҚР бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің болуы", – деп қосты маман.