Тікелей эфир

"Алматы жазы" науқаны аясында қаланың арық желілері тазартылып жатыр

Арық тазалау сәті
Арық тазалау сәті

Алматыда "Таза Қазақстан" жалпы республикалық акциясы аясында қолға алынған және жазғы "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының жалғасы саналатын "Алматы жазы" науқаны жүріп жатыр

Оның барысында 26 маусым мен 6 шілде аралығында жалпы ұзындығы 1525 шақырым арық желілерін тазарту жұмыстары атқарылады. "Алматы Тазалық" МКК-мен бірге арықтарды тазарту жұмыстарына 6 мердігер ұйым жұмылдырылды. Күнделікті 54 арнайы техника мен 720 жұмысшы еңбек етеді. Мердігер ұйымдар арық желілерінен күн сайын 250 текше метр балшық пен тағы басқа қоқысты шығарады. 

Жауын-шашын кезінде арық желілері арқылы судың кедергісіз ағуына жол ашу және қала көшелерін су басуының алдын алу үшін 52 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығады. Олар мотопомпа, багра және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған. 

Еске салайық, Алматы қаласында "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін қиратқаны, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жойғаны және бүлдіргені үшін" ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алайда коммуналдық сала қызметкерлерінің айтуынша, айыппұл мен өзге де жаза түрлеріне қарамастан, бұл талап сақтала бермейді. Оған қалалық арық желілерінің күн сайын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтармен бітеліп қалатынын дәлел. 

"Алматы жазы" акциясы биылғы 6 шілдеге дейін жалғасады. Науқанның басты мақсаты – ел ішінде жоғары азаматтық жауапкершілікті, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін жағдай жасау.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары