Тікелей эфир

"Алматы жастары" ипотекасына құжат қабылдау 15 мамырда басталады

Өтініш қабылдау уақыты – 31 мамырға дейін.

15-31 мамыр аралығында "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген тұрғын үй займдарын алуға өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсыруға болады. Сайтқа электронды цифрлік қолтаңба арқылы тіркелуге болады. 

Биыл бағдарлама шеңберінде қосымша қаражат бөлініп, жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тағы несие саны 100-ге артты:  мұғалімдер үшін – 50 және дәрігерлер үшін – 50 қосымша несие. 

  • займның ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
  • пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • бастапқы жарна – 10%;
  • бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі;
  • қамту – 1 100 адамнан кем емес.

Қатысу үшін негізгі талаптар:

  • Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (35 жасқа толғандарды қоса алғанда), жұбайының жасына қарамайды;
  • Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  • Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы;
  • Қатысушы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары және қалалық коммуналдық қызметтерінде жұмыс істеуі шарт;
  • Алматы қаласында міндетті зейнетақы аударымдарымен кем дегенде соңғы 6 ай ішінде ресми жұмыс өтілі болуы керек. 
Серіктестер жаңалықтары