Алматы тұрғындары метро бекеттеріндегі темір қоршауларды сынға алып жатыр

Видео скрині
Видео скрині
Метрополитен өкілдері берік металдың мәнісін түсіндірді.

Алматы тұрғындары метро бекеттеріндегі темір қоршауларды сынға алып жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Жолаушылар қауіпсіздігі үшін орнатылған турникет іспетті Қауіпсіздік" әлеуметтік желі қолданушылары қисынға келмейді" деп айыптауда.

Жұрттың пікірінше, былтыр метро бекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін орнатылған қоршаулардың қаражаты "ауаға кеткен". Өйткені, темірлердің ортасы тым ашық, тіпті вагондар арасындағы кеңістікті де шектемейді.

Метрополитен өкілдері берік металдың мәнісін түсіндірді.

Айтуларынша, қоршаулар жақын арада қайта алынып тасталмақ. Бұл тек жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған уақытша шешім деп түсіндірді олар. Қаржыландыру, мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіліп болған соң, метро бекеттеріне автоматтандырылған платформалық есіктер орнатылмақ. Бірақ, жоспарланған жұмыс қашан қолға алынатыны белгісіз.

"Есіктердің биіктігі шамамен 1,5, 1,80 метр болады деп жоспарланып жатыр. Пойыз келе жатқан уақытта олар автоматты түрде ашылады. Ал платформада пойыз жоқ болса есіктер жабық тұрады. Пойыз қозғалысын дәл осылай басқару – ең ыңғайлы шешім деп ойлаймын", – деді Алматы қаласы метрополитені кмк директорының пайдалану мәселері жөніндегі орынбасары Арсен Жангелдин.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары