Алматы таксиді электр көліктерімен ауыстыруға әлі дайын емес – Олжас Бектенов

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Алматыда тіркелген электр көліктерінің саны 8 мыңға жетпейді, ол барлық көліктердің 1,2 пайызына ғана тең.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Алматыдағы такси қызметін кезең-кезеңмен электромобильдермен ауыстырудың үш жылдық бағдарламасын әзірлеу бойынша депутаттардың ұсынысы әлі біраз уақытты қажет екенін айтты. Қала оған дайын емес. 

2024 жыл соңындағы мәлімет бойынша, Алматыда 664 806 көлік тіркелген. Оның 567 758-і бензин және газбен жүретін болса, тек 7875-і ғана электромобильдер (1,2%). 

"Алматыда электр энергиясы онсыз да тапшы, ал бір көлікті қуаттауға 40-60 минут уақыт қажет. Такси көліктерінің түгел электр қуатымен қозғалуы энергия жүйесіне үлкен салмақ түсіреді. Оған қоса, қалада электромобильдерді қуаттауға арналған инфрақұрылым әлі жасалмаған", – деді Олжас Бектенов. 

Дегенмен, премьер-министрдің айтуынша, Алматы ауасын ластайтын зиянды заттардың 60 пайызы автокөліктерден бөлінеді. 


Оқи отырыңыз: Алматы ауасындағы бензол үлесі 5 жылда 5 есе артқан


 

Серіктестер жаңалықтары