15 аула мен 3 тұрғын үй су астында қалды.
Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбырдан кейін сел жүрді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Осылайша 15 аула мен 3 тұрғын үй су астында қалды.
"Осы сағатта ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады. Сонымен қатар су басқан аумақтардан су сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмысы жүріп жатыр. Жағдайға мониторинг жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.
Бұл іске ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 техника жұмылдырылған.