Тікелей эфир

Алматы мен Доха арасында әуе бағыты ашылды

Сурет: depositphotos.com
Сурет: depositphotos.com
Рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы керек еді.

Бүгін Qatar Airways әуе компаниясының Алматы-Доха бағытындағы жаңа халықаралық рейсінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР ИИДМ. 

"Рейстер аптасына 2 рет 132 орындық (12 бизнес класс, 120 эконом класс) Airbus А-320 әуе кемесімен орындалады. Жолаушылар Дохадағы Хамад халықаралық әуежайы арқылы Qatar Airways әуе компаниясының 140-тан астам бағыттар желісін пайдалана алады", – делінген хабарламада. 

Бұл бағытта рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы керек еді. Бірақ пандемияға байланысты кейінге шегерілген.  

Еске салсақ, FlyArystan әуе компаниясының халықаралық бағыттарға 50%-ға дейін жеңілдік ұсынатыны туралы хабарлаған едік. Жеңілдік билеттері 2022 жылдың 6 наурызына дейін саяхаттауға жарамды.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары