Тікелей эфир

Әлеуметтік желідегі жобаның жалғасы болған Tarmaqtar кітабы жарық көрді

Кітапта 200-ден астам қазақ авторының ең үздік лирика-философиялық тармақтары топтастырылған.

Қазақ поэзиясындағы үздік тармақтарды топтастырған Tarmaqtar кітабы жарыққа шықты. Бұл туралы жоба авторы Рысгүл Досжанова хабарлады.

Фото Рысгүл Досжанованың парақшасынан алынды

Кітаптың ерекшелігі – онда қазақ поэзиясындағы 200-ден астам автордың ең үздік лирика-философиялық тармақтары топтастырылған. Тармақтардың жанында оның аудиопоэзиясын тыңдауға мүмкіндік беретін QR-код бар. Сонымен қатар өлеңнің олық нұсқасы да қамтылған.

"Әр беті картина. Сурет. Контент. Терең ой. Осылайша желідегі қазақ контентіне құбылыс әкелуді көздедік", – деп жазды автор.


Оқи отырыңыз: "Әдебиет көшірмемен өспейді". "Тармақтар" әдеби жобасының жетекшісімен сұхбат


Кітапта бет саны мен мазмұны көрсетілмеген. 

"Естеліктеріңнің эйфориясын, айтылмаған сезімдерді естіп, өміріңдегі өкінішті сезініп, жазмышыңдағы жазуды оқып, уақыт  гармониясына бас ұрып, жанарыңдағы мұңды сүртіп, жүрегіңдегі сөзді жазғың, сағынышыңның эстетикасын білдіргің, көрсеткің келсе, осы кітап саған арналған", – деп жазды Рысгүл Досжанова.

Кітап "Мазмұндама" баспасынан мың дана болып шыққан. 

Серіктестер жаңалықтары