Тікелей эфир

Александр Клебанов энергетикалық холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті

Директорлар кеңесінің жаңа құрамында енді холдингтің акционерлері жоқ.

Қазақстан қор биржасындағы мәліметтен қазақстандық кәсіпкер Александр Клебановтың өзі акционерлерінің бірі болып табылатын "Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамынан шыққаны белгілі болды. Ол компания құрылғалы бері, яғни 15 жылдан бері директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келген болатын. 

Холдингтің жаңа директорлар кеңесінің құрамында енді холдинг акционерлері жоқ. Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы – Тан Левин. Одан бөлек, компанияның бас директоры Бағдат Орал, Александр Нигай, Игорь Лашкул, Эльдар Табанов, Франц Йозеф-Кайзер, Манфред-Йозеф Керр директорлар кеңесіне мүше болды. 

Еске салайық, Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясына еліміздің солтүстік бөлігіндегі ірі энергетикалық компаниялар – "Павлодарэнерго" АҚ, "Севказэнерго" АҚ", "Ақмола электр желісін үлестіру компаниясы" АҚ кіреді. 

2022 жылы қарашада Екібастұз қаласын жылусыз қалдырып, қалада төтенше жағдай жариялауға әкелген апат болған Екібастұз жылуэлектр орталығы "Павлодарэнерго" АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып табылады. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев Екібастұздағы апат туралы: Азаматтарымыз сабырлық танытып отыр, бірақ оның да шегі бар


 

Серіктестер жаңалықтары