Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады.
"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 24-26 тамыз күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғып, жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.
"Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, ауа температура біртіндеп төмендейді. Республиканың солтүстік бөлігінде айтарлықтай күн суытады. Солтүстіктегі ауа температурасы түнде +7; -12 градус болса, күндіз +17; -22 градус аралығында болмақ", – деп жазылған хабарламада.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қазіргі ауа райы қатты өзгермейді, яғни жаңбыр жаумайды.
Оқи отырыңыз: Тянь-Шань мұздықтарының еру жылдамдығы артқан. Оның Қазақстанға әсері қандай?