Қазақстанда азаматтарды алаяқтық жолмен түрлі инвестициялық бағдарламаларға, оның ішінде "Халықтық IPO" бағдарламасы бойынша тарту жағдайлары жиіледі. Олар, тіпті, жарнама жасауда президенттің аты-жқнін пайдаланған. Бұл туралы бас прокурор Берік Асыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында жазылған.
2022 жылы осындай 742 іс тіркелген. Оның ішінде 93 адам "ҚазМұнайГаз" компаниясы мен "Халық банк" атынан ұсынылған түрлі кампанияларға инвестиция салған. Ал қалған жәбірленушілер "Еңбек инвест", Kazminerals, Forex Freedom жəне тағы басқа компаниялардың атынан ұсынылған жарнамаға алданған.
"Мониторинг барысында ІІМ мемлекет басшысының есімін пайдаланған 70 жарнаманы анықтады. Олар кейін қазақстандық пайдаланушылардың қол жеткізуіне тосқауыл қою үшін Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің "Кибернадзор" АЖ-ға енгізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – деп жазылған жауапта.
Оқи отырыңыз: Olx-те "тегін беремін" санатындағы жарнамалар 1 жылда 10% өсті: қазақстандықтар нені тегін беруге дайын?
Айта кетейік, "Халықтық IPO" бағдарламасы бойынша барлық ресми ақпаратты "Самұрық-Қазына" ресми ресурстарынан алуға болады.