Ақтөбе - Қандыағаш тасжолында төрт жолақты қозғалыс ашылды

Автожолды қайта жаңарту аясында 691 мың тонна асфальтбетон қоспалары төселді.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ұзындығы 96 км республикалық маңызы бар "Ақтөбе – Қандыағаш" автомобиль жолының реконструкциясын аяқтады.

"Ақтөбе облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1 869 км, оның ішінде соңғы жылдары 117 км жол реконструкцияланды. Ал 280 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. "Ақтөбе – Атырау – Ресей шекарасы" (Астраханьға) республикалық маңызы бар автомобиль жолының бөлігі "Ақтөбе – Қандыағаш" көлік дәлізін дамытуға басты назар аударылды", – делінген хабарламада.

Бұл дәліз аймақ үшін де, бүкіл ел үшін де стратегиялық маңызды бағыт. Ол Қазақстанның Астраханьға шығуына мүмкіндік береді, Ресей Федерациясымен байланыстырады. Жолдың өткізу қабілеті мен қауіпсіздігі артты, төрт және екі жолақты жол тосқауылмен қоршалған.

"Автожолды қайта жаңарту аясында 691 мың тонна асфальтбетон қоспалары төселді, 10 көпір, төрт жол өтпесі, үш айырбас және темір жол арқылы бір жол өтпесі салынды, сегіз демалыс алаңы, 18 автобус аялдамасы жабдықталды, сонымен қатар 1795 жарықтандыру тірегі орнатылды", – делінген хабарламада.

Жоба Қазақстанның Ресей, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан бағытындағы жолаушылар ағыны мен транзиттік әлеуетін арттырады. 2025 жылы "Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" автомобиль жолын қайта жаңарту жоспарланып жатыр.

Жоба EPCM ("жобалау, Құрылыс және пайдалану") тетігі бойынша іске асырылатын болады, бұл мердігерлердің жауапкершілігін күшейтеді және сенімді құрылыс компанияларының қатысуына мүмкіндік береді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары