Ақтаулық тұрғын облыстық әкімдік алдында өзін өртеп жіберді

Дәрігерлер денесінің басым бөлігін күйік шалған науқастың жағдайы ауыр деп отыр.

Ақтаулық тұрғын облыстық әкімдік алдында өзін өртеп жіберді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Арызын арқалап келген 36 жастағы азамат аймақ басшысына кіргізбеген қызметкерлерге наразылығын осылай білдірген. Бұл ақпаратты жергілікті биліктің өкілдері растап отыр.

Ер адамның өзіне от қойған сәті бейнебақылау камерасын жазылып қалған. Бөтелкеге жанармай құйып келген азаматты райынан қайтаруға тырысып жатқан полицейлерді байқауға болады.

Дегенмен, жанайқайын тек облыс әкіміне жеткізгісі келген тұрғын айтқанын істеп, жанған күйі әкімдік ғимаратына жүгіріп кіреді. Ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер денесінің басым бөлігін күйік шалған науқастың жағдайы ауыр деп отыр. Ал полиция "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары