Тікелей эфир

Ақтау тұрғынына төтенше жағдай туралы жалған хабарлама жібергені үшін айыппұл салынды

Ер адам басқа аймақта төтенше жағдай енгізілгені туралы жалған ақпарат таратқан.

Атырау облысында төтенше жағдай енгізілгені туралы жалған хабарлама таратқан Маңғыстау облысының тұрғынына айыппұл салынды. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Ол WhatsApp мессенджері арқылы жалған ақпарат таратқан, деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы 3-тармағы – «Қоғамдық тәртіпті бұзуға жағдай туғызатын жалған мәліметтерді орналастыру және тарату» бойынша әкімшілік іс қарады.

"А.-ның ұялы телефонынан WhatsApp қызметі арқылы Атырау облысында төтенше жағдай орын алғаны туралы жалған, дәйексіз ақпарат таратқаны анықталды. Ол Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен кінәлі деп танылды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Бас прокуратура жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды


Жаза ретінде облыс тұрғынына 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары