Қазақтсанға туристік мақсатпен келген АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан азаматтары елімізде орта есеппен 4 күн болады. Бұл туралы Мәдение және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елімізде аялдау мерзімі бойынша Өзбекстан азаматтары көш бастап тұр. Олар Қазақстанда 10 күнге дейін тоқтайды. Ал ресейлік туристер орташа есеппен 6 күн, Беларусь азаматтары 5 күн, Германия туристері 4 күн аялдаса, Қытай азаматтары 3,5 күн өткізеді.
"eQonaq жүйесі – елімізге келген туристер ағынын бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру және т.б. бірнеше маңызды функцияны орындайды. Басты мақсат – туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Жүйеге 3214 орналасу қызметін ұсынатын кәсіпкерлік нысаны тіркелген", – деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.
Оқи отырыңыз: Корея мен Қазақстан өзара туризмді қалай дамытып жатыр?