Тікелей эфир

Ақорда алдында мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.


Оқи отырыңыз: 200-ден астам мерекелік іс-шара: Астанада Республика күні қалай тойланады?


 

Серіктестер жаңалықтары