Тікелей эфир

Ақмола облысының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала мәртебесін алды

Соған орай Қосшы Целиноград ауданының құрамынан бөлінеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу туралы жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылады және Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылады. 

Жарлық бүгіннен, яғни 27 шілдеден бастап қолданысқа енеді. 


Оқи отырыңыз: Елорда іргесіндегі Қосшы ауылын қандай болашақ күтіп тұр


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары