Ақмола облысында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін тәртіп сақшысы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшысына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде.
"Нәтижелері бойынша ішкі істер органдарынан босатуды қоса алғанда, қатаң тәртіптік шаралар қолданылады", – деп жазылған хабарламада.
Тәртіп сақшысының нақты қандай жауапкершілік көтергені айтылмады. Әкімшілік кодекске сәйкес, ол 15 тәулікке дейін қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін еді.
Оқи отырыңыз: Алматыда Air Astana әуе компаниясының ұшқышының есірткіге мас күйде болғаны анықталды
Расталмаған ақпарат бойынша, Астанада мас жүргізуші ұсталды және ол – полиция бөлімдерінің бірінің басшысы.