Тікелей эфир

Аймағамбетов: Жоғары оқу орнының лицензиясы 5 жылға ғана беріледі

Ал оларды қайта ресімдеу автоматты түрде емес, біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана жүргізіледі.

Алдағы уақытта ЖОО-ларға берілетін лицензиялар мерзімсіз болмайды. Бұл жайында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі болған кезіндегі жұмысына берген есебінде мәлімдеді

"Алдағы уақытта ЖОО-ларға берілетін лицензиялар мерзімсіз болмайды. Олар 5 жылға беріледі, ал оларды қайта ресімдеу автоматты түрде емес, енді біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана жүргізіледі", – деп жазды министр.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов 15 ЖОО жабылғанын еске салды. Бұдан бөлек, қосымша алты оқу орнын жабуға қатысты сот болып жатқанын атап өтті.

Жабылған университеттердің 100 мыңнан астам студенті оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ларға ауысқан. Әлсіз білім беру бағдарламалары бойынша 66 университеттің 505 лицензиясы кері қайтарылған. Сонымен бірге тағы 4 ЖОО-мен сот процестері жүріп жатыр.

Асхат Аймағамбетов көп ұзамай "Жоғары мектеп" лексиконынан "диплом фабрикалары" немесе "шаңсорғыш оқу орындар" сияқты терминдер жоғалатынына сенімді екенін жеткізді.


Оқи отырыңыз:

Қызылордадағы "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты бас лицензиясынан айырылды

Алматыдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылуы мүмкін

Шымкенттегі Мирас және Орда университеттері бас лицензиясынан айырылды. Олар түлектерге диплом бере алмайды

Серіктестер жаңалықтары