USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -3°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -3°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

"Айына 90 мың теңге шықты". Ақтөбеліктер коммуналдық төлемнің шектен тыс шарықтап кеткеніне наразы

Фото: nalogikz.kz
Фото: nalogikz.kz
Тұрғындар коммуналдық төлемнің бірден үш есеге өсіп кеткенін айтады.

Ақтөбеде тұрғындар коммуналдық төлемнің шектен тыс шарықтап кеткеніне наразы, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Есет батыр ықшам ауданының жұртына жылу үшін бір айға 90 мың теңгеге дейін түбіртек келген. Бұл соманы көріп төбе шашы тік тұрған көпшілік қымбатшылықтың себебін түсіне алмай дал. Бұл тұрғындарға қаңтар айы үшін келген түбіртек. Мұнда жылу үшін 40 мың, енді біріне 90 мың теңге төлеу керек деп жазылған. Тұрғындар коммуналдық төлемнің бірден үш есеге өсіп кеткенін айтады. Олар тарифтің бұлай қымбаттауы қалтамызға салмақ түсіреді деп күйінеді. Тұрғындар түбіртектерін алып, әкімдікке алып-ұшып жеткен. Барлығын мазалайтын жалғыз сұрақ. "Бұл қайдан келген баға?". 

Бұл бес қабатты үйлер тасқыннан зардап шеккен жандарға және мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғындарға 2023 жылы берілген. Сол уақыттан бері халық жылу тарифін төлеп келеді. Бірақ ай сайын баға мың құбылады деп отыр. 

Ал жылуға жауапты мекеменің өкілі тұрғындар үйге қойылатын жылу есептегіш құрылғыға құжат дайындамағанын айтады. Соның кесірінен ортақ қолданыстағы жылудың ақысы қосылып кетуі мүмкін. Оның үстіне қаңтардан бастап жылудың ақысы шаршы метріне 191 теңгеден 235 теңгеге өскенін де ескерген жөн дейді. 

Ал шенеуніктер есептегіш құрылғыны үйді салған мердігер мекеме өз қаражатына орнату керектігін айтты. Сондықтан көпті тұқыртқан түйіткілді шешіп бермек.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары