Тікелей эфир

Аймағамбетов: Түркістан облысында кей мектеп директорлары 5 жылдан бері аттестациядан өтпеген

Министр ауылдағы мектептер жұмысымен танысты.

ҚР оқу-ағарту ісінің министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысындағы алты ауылға барып, жеті мектептің жұмысымен танысқанын айтты. Соның ішінде екі мектеп басшысының жұмысына төмен баға берген. 

"Өз құзыреттеріндегі міндеттерін орындауына және қажетті жұмысты ұйымдастыруларына қатысты сұрақтар бар. Сондай-ақ мектептердің біріндегі кітапханашыға "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша атқарып жатқан жұмысы үшін алғысымды айттым", – деді министр. 

Мұнымен қатар, ол тағы екі мектепте осы жоба бойынша жұмыс тиісті деңгейде орындалып отырған жоқ екенін бөлісті. Уақытылы аттестация өткізілмеген мектептерді сынға алды. 

"Мектеп басшыларының аттестациядан өту мерзімі өтіп кетсе де, кейбір облыс аудандарында 5 жылдан астам уақыт бойы аттестация өткізілмеген. Осы облыстың басқа да білім беру ұйымдарының жұмысымен танысамын", – деді Асхат Аймағамбетов. 


Оқи отырыңыз: ҰБТ-дан кейін аппеляцияға берілген 50 мың өтініштің 318-і қанағаттандырылды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары