Тікелей эфир

Аймағамбетов студенттік тәжірибе туралы: Үйрететін адам болмаса, құны бес тиын

Министр студенттер тәжірибеден өте алатын мектептердің критерийлерін қоюды ұсынды.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясының панелдік отырысында студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу мәселелеріне қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, студенттерді бірінші курстан бастап тәжірибеден өткізу ұйымдастырылған. Алайда мәселе оның қалай ұйымдастырылғанында болып отыр.  

"Мысалы, бір студент "Ауылға барып, тәжірибемді шағын жинақты мектептен өтейін" десе, университет келіседі. Ал ол мектепте оған көмектесетін маман бар ма? Әдіскер бар ма? Онымен кім қалай жұмыс істейді? Сосын студент сол мектепке кетеді. Барған соң тәжірибеден өтсе жақсы, кейбірі өтпей де жатады. Өткенде де тәлім-тәрбие беріп, үйрететін адам болмаса, құны бес тиын, қазақша айтқанда", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр студенттер тәжірибеден өте алатын мектептердің критерийлерін қоюды ұсынды.

"Кей мектептен тәжірибеден өтуге болады, себебі білікті мұғалімдері, әдіскері бар. Ал келесі бір мектептерде ондай жоқ. Осы жұмысты жүргізіп жатырмыз. Қазір университетте оқып жатқан студенттердің білімі жеткіліксіз. "Өрлеу" орталығына тапсырма бердім. Алдыңғы жылдан бастап олар студенттермен де жұмыс істей бастады. Себебі, түлектер мектепке келгенде күнделікті, мектепте жүргізілетін құжаттарды, критериалды бағалауды, қазір мектептерде жүргізіліп жатқан реформаларды біліп келуі керек", – деді Асхат Аймағамбетов.


Оқи отырыңыз: "Алты айда педагог болу". Қайта даярлау курсынан өткендер мектепте сабақ береді


 

Серіктестер жаңалықтары