Мектептер жабдықтау мәселесіне қатысты №70 бұйрыққа өзгеріс енгіздік. Ол өте маңызды. Әсіресе, шағын жинақты мектептер үшін, деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясының панельдік сессиясында.
"Қаладағы мектептерде химия кабинеті, физика кабинеті, STEM кабинеті, биология кабинеті бөлек болады. Ал ауылдағы мектептерде егер баланың саны аз болатын болса, онда ол кабинеттерді бөлек-бөлек ұстаудың да қажеті шамалы. Ол туралы бізге мектеп директорлары, мұғалімдері өздері айтып берді. Мен бірнеше рет ауылға барғанда, бұл туралы хабарлады. Сондықтан біз шағын жинақты мектептер үшін арнайы пәндік кабинеттер дайындадық", – деді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар министр кейбір жабдықталған пәндік кабинеттердің толық аяқталмағанын жеткізді.
"Мысалы, химия кабинеті болса, оған су жеткізу керек. Ал ол жерлерде су тұрмақ, канализация да жоқ. Сатып алып қояды, қарайсың. Құбырларына дейін бәрін жеткізіп, дайындап қояды, бірақ су жоқ. Одан не пайда? Сондықтан біз қазір арнайы астында су құятын, төгетін құрылғыларын жасап, ерекше үлгідегі материалдық-техникалық базасына беймідеп жасап, қарастырып қойдық", – деді Асхат Аймағамбетов.