11 ақпан – ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың мәліметінше, қазақстандық ғылым саласында 10 мыңға жуық әйел бар. Олардың 714-і ғылым докторы, 2427 әйел – ғылым кандидаты, 992-сі – PhD докторы, 28-і – бейіндік докторлар. Бүгінде олар Қазақстандағы жалпы ғалымдар санының 54%-ын құрайды.
"Коронавирус пандемиясымен күрес кезінде ғалым әйелдер аянбай еңбек етті. Мысалы, Закарья Күнсұлу Дальтоновнаның басшылығымен Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасы дайындалды", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстандық 2 мың қыз наноспутник құрастыруды үйренеді
- Қазақстандық студенттер пайдаланылған өсімдік майынан биоотын жасап шығарды
- Тоқаевтың техник мамандарды Ресейде даярлау жөнінде айтқаны неге дау тудырды? Сарапшылар пікірі