Тікелей эфир

Аймағамбетов педагогтар мен студенттерді дауыс беруге шақырды

Оқу-ағарту министрі өзі отбасымен бірге келіп, сайлауда дауыс берді.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов сайлауда өз таңдауын жасады. 

"Бүгін таңертең отбасымызбен бірге азаматтық борышымызды орындап, әділетті мемлекет үшін, Отанымыз Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердік. Педагогтер мен білім саласының басқа да қызметкерлерін, студенттерді және барлық отандасымды сайлау учаскелеріне барып, өз елі, өз қаласы және отбасы үшін таңдау жасауға шақырамын.
 
Баршамыз әлемдегі күрделі геосаяси және экономикалық жағдайдың куәгеріміз және бүгін қабылдайтын шешіміміз күнделікті өмірімізге, ортақ болашағымызға, әл-ауқатымызға ғана емес, сонымен бірге мемлекетіміздің одан әрі нығаюына және әлемдік аренадағы ұстанымдарымызға да әсер етеді. Әр адамның дауысы маңызды!" – деді Асхат Аймағамбетов. 

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов. Фото: Aimagambetov Telegram каналы

 

Серіктестер жаңалықтары