Ана мен бала денсаулығын арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар шараларды қолға алуды жоспарлап отыр. Мысалы, әйелдер жүктіліктің 10 аптасында есепке тұруға міндеттеледі. Бұл бала денсаулығын ерте қадағалауға алуға мүмкіндік береді.
Министрлік әзірлеген "Әрбір әйел – әрбір бала" тұжырымдамасының жобасына сәйкес, есепке тұрған әйел баласының денсаулығын электронды түрде қадағалай алады. Бұл үшін "Жоспарлы жүктілік" бағдарламасы аясында "Баланың тууы" атты мобильді қосымша әзірленіп іске қосылмақ. Оны қолдану арқылы болашақ ана жүктілік кезіндегі өзгерістерді тіркеп, сондай-ақ медициналық тексерілу уақыты мен оның нәтижелерін бақылап отыра алады.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі "Жүкті әйелдерге – есік ашық" жобасын қолға алмақ. Ол бойынша жүкті әйелдер медициналық мекемеге қаралған кезде қажетті зерттеулер мен дәрігер мамандардың бәрі қолжетімді болады.
Тағы бір жаңалық – облыс орталықтарында "Дені сау ана" пансионаттары құрылады. Оларға шалғай ауылдардағы жүктілігі ауыр өтіп жатқан аналар жатқызылады. Мұндай олардың баласын босанғанға дейін ем алып, дәрігердің қадағалауында болуына жағдай жасалады.
Оқи отырыңыз:
- "Отызға дейін босану керек", "антибиотиктер зиян", "балаларды ауыстырып жіберу мүмкін". Жүктілік және босану туралы шындықтар мен мифтер
- Есепке қою, сақтандыру және медициналық қызмет. Жүкті әйелдер білуі тиіс 7 мәлімет