Тікелей эфир

Аида Балаева журналистердің үстінен іс қозғалуына байланысты пікір білдірді

Қазіргі уақытта Асхат Ниязов пен Жәмила Маричеваға қатысты іс материалдары әкімшілік сотқа жіберілген.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ProTenge телеграм арнасының бас редакторы Жәмила Маричева мен журналист Асхат Ниязовқа қатысты іс қозғалуына орай әлеуметтік желіде пікір білдірді. 

Министрдің сөзінше, олардың үстінен Мәдениет және ақпарат министрлігінің талабы бойынша іс қозғалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. 

"Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде медиа-кеңістікте мониторинг жүргізу барысында "ProTenge" телеграм-арнасында ақпарат таралу фактісін анықтады (оны Асхат Ниязов репост жасаған). Алайда, кейін оны мемлекеттік органдар теріске шығарды. Бұл материал дәйексіз деп танылуы мүмкін басқа материалдармен бірге бағалау және тиісті әрекет ету үшін ішкі істер органдарына жіберілді", – деді Аида Балаева. 


Оқи отырыңыз: Причину задержания главреда Protenge Джамили Маричевой объяснили в полиции Алматы


Қазіргі уақытта іс материалдары әкімшілік сотқа жіберілген. Жалған ақпарат таратуға байланысты фактілер бойынша одан әрі құқықтық баға беру, тиісті шаралар қабылдау ішкі істер органдарының құзыретіне жатады. 

"Мәдениет және ақпарат министрлігінің полиция қызметкерлерінің әрекетінің заңдылығы мен негізділігін бағалауға құқығы жоқ. Бұл "МАМ берген талаптар" деп хабарлау дұрыс емес, мұндай мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Жалпы, министрлік бұқаралық ақпарат құралдарының құқының бұзылуына жол бермеу ұстанымын ұдайы ұстанады. Сондай-ақ журналистерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбаған жағдайда әрдайым қорғауға дайын", – деді министр. 

Серіктестер жаңалықтары