Тікелей эфир

АЭС құрылысы Балқаш көліне кері әсер етпейді – Су ресурстары және ирригация министрі

Сонымен қатар пайдаланылған су басқа су нысандарына жіберілмейді.

Жүргізілген есептеулерге сәйкес, атом электр станциясының қажеттігі үшін су тұтыну көлемі Балқаш көлінің деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді.

Бұл туралы Қазақстанның су секторын дамыту жөнінде әріптестердің Үйлестіру кеңесінің отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

"Салқындату үшін бір су бірнеше мәрте пайдаланылады. Сонымен қатар пайдаланылған су басқа су нысандарына жіберілмейді. Біздің министрлік көл деңгейі мен атом электр станциясының су тұтыну көлемін тұрақты мониторингін жүргізеді. Оның ішінде су ресурстары ақпараттық-талдау орталығында деректерді жинау және есепке алу құралдарын енгізу арқылы да есеп жүргізеді", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Еске салайық, жыл басынан бері Балқаш көліне 12 миллиард текше метрден астам су жіберілді. Бұл қалыпты деңгейді ұстап тұру үшін жеткілікті көлем болып саналады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
2

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары