Тікелей эфир

Әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың жетеуі 20% қымбаттады. Ең жоғары баға Нұр-Сұлтан мен Түркістанда тіркелген

Өңірлерде картоп бағасы 41% қымбаттады.

Бір жыл ішінде азық-түлік бағасы 11% өскен. Әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың 7 түрінің бағасы 20%-дан аса қымбаттаған. Мысалы, сәбіз бағасы 2,3 есеге, картоп – 41%, жуа – 28%, өсімдік майы – 27%, қырыққабат бағасы 22% өскен, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қымбаттаудың ең жоғары көрсеткіштері Нұр-Сұлтан, Түркістан мен Қарағандыда тіркелді.

Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алуы ақпан, наурыз айларына қарағанда, қазір бәсеңдеді. Жалпы 1 триллион 685 миллиард теңге азаматтардың арнайы шотына аударылды. Соның 98,2%-ы – баспанаға, 1,5%-ы – ем-дом шараларына жұмсаса, 0,3 пайызы қордағы артылған қаржысын басқа компаниялардың басқаруына берген.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары