Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында зейнетақы жүйесін қайта қарау туралы айтты.
"Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарысын 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді", – деді президент.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы ең төменгі жалақы он мың теңгеге өсіп, 70 мың болады
Сонымен қатар, мемлекет басшысы кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітілетінін айтты. Сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеуді ұсынды.