Тікелей эфир

Әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды. Бастапқы жарна қажет емес

Өтініштер жыл соңына дейін ғана қабылданады.

19 желтоқсанда Қазақстанда әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасына тұрғындардан өтініш қабылдау бастады.

2022 жылдың соңына дейін созылатын науқанның басты ерекшелігі – бастапқы жарна талап етілмейді. Еске салайық, бағдарлама бойынша бұрын 15-50% аралығында бастапқы жарна төлеу қажет болатын.

Бағдарламаның өзге де шарттары:

  • Несие мөлшерлемесі – 13,2% (тұрғын үй заемына ауысқан кезде 3,5%-ға дейін төмендейді);
  • Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

"Ұмай" тұрғын үй бағдарламасына Қазақстанның 18 жастан асқан әйелдері қатыса алады. Географиялық шектеу жоқ, яғни пәтерді Қазақстанның кез-келген қаласынан несиеге рәсімдеуге рұқсат беріледі.


Оқи отырыңыз: 


Еске салайық, "Ұмай" ипотекасының көмегімен жаңа не қолданыста болған тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ жөндеу жұмыстарына несие алуға болады. Бұл ретте ескеретін нәрсе – несие жөндеу үшін алынса, оны алушы үйдің иесі болуы керек.

"Ұмай" ипотекасы үй алу үшін 25 жылға дейінгі, ал үй жөндеу үшін 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Серіктестер жаңалықтары