Нұр-Сұлтанда Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтіп жатыр.
Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезінде Adal партиясы Amanat партиясының құрамына кірді.
"Бүгінгі өзгерістер Аmаnаt-тың заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашады. Партия елімізді өркендетуге өз үлесін қоса беретіні сөзсіз", – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Adal партиясының саяси кеңесі 16 наурызда Amanat партиясына қосылу туралы шешім қабылдаған болатын.