Тікелей эфир

Абай облысындағы өрт: Қаза тапқан 15 азаматтың отбасына пәтер кілті табысталды

Көмекке асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мен біржолғы әлеуметтік төлем де кіреді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Абай облысында орман өртінен қаза болғандардың отбасына жан-жақты көмек беріледі. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Әр отбасыға 7 млн теңгеден және қосымша әр балаға 2 млн теңгеден төленеді. Көмекке асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы, біржолғы әлеуметтік төлем және жайластырылған тұрғын үй беру де кіреді. Оған қоса қайтыс болғандар мен олардың отбасының несиесін ықтимал есептен шығару үшін талдау жасалады. 

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 

15 маусымда өрт салдарынан қаза болған 14 адамның отбасына және тракторшы С.Н.Архиповтың отбасына Семей қаласы Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа пәтерлердің кілті берілді. 


Оқи отырыңыз: Қарағанды университеті Семей орманындағы өрттен қаза тапқандардың балаларына 10 грант ұсынды


Абай облысының әкімі қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасына екі және үш бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды. 

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 

"Бүгін біз тапсыратын жаңа пәтерлер барлық қажет жиһаздармен және тұрмыстық техникамен жабдықталған. Қосымша көмек беруді жалғастыратын боламыз", – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.


Оқи отырыңыз: Абай облысындағы өрттен қаза болған орманшылардың отбасы мүшелері үш қалаға тегін ұша алады


Қаза болғандардың туыстары мемлекет берген көмекке ризашылық білдірді.  

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары