Тікелей эфир

Абай облысында жаңа үйлердің құрылысы жандана түсті

Биылдың өзінде өңірде 4 мыңға жуық отбасы баспаналы болады.

Аймақта әлеуметтік нысандар да бой көтеріп, халық игілігіне кезең-кезеңімен беріліп жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүргізіліп жатыр. Әкімдіктегілер жұмысты тоқтатпай, өзге салаларды да дамытуға күш салған.

"Абай облысында іс-шараларды іске асыруға үлкен көлемде адами ресурстар мен қаржы тартылған. Бұл жұмыстың нәтижесінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт инфрақұрылымы дамып, облыс халқының игілігі үшін жұмыс істейді, 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады және өңірдің экономикалық әлеуеті артады. Өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі де артып, республика бойынша 4-ші орынға жайғасқан. Бұл өте жақсы көрсеткіш", – деді Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев.

Әкімдіктегілер әсіресе әлеуметтік саланы дамытуға басымдық бергендерін жеткізді.

"Екі жыл деген облыс құрғанға қас-қағым ғана уақыт, көп уақыт емес. Бірақ соған қарамастан облыстың экономикасының өрлеуі, халықтың әл-ауқат жағдайының жақсаруы, болашаққа деген елімізге, облысымызға салынатын инвистицияның көлемі, салынып жатқан құрылыстар басқа да салалар жөнінде үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын біз бүгінгі таңда бәріміз куә болдық. Биыл өңірде 101 әлеуметтік нысанның құрылысы басталды. Нақтырақ айтсақ білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет нысандары алдағы уақытта бой көтеріп, халық игілігіне беріледі", – деді Абай облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Мейрамхат Айнабеков.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары