Абай облысында 10 және 11-сыныптың жас өнертапқыштары жылыжайды автоматтандыруды ұсынды. Оқушылардың жобасы жылыжайда өсірілетін көкөністер мен жеміс-жидектерді суару технолгиясын жеңілдетеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Жас өнертапқыштар заманауи технолгияны пайдалана отырып топырақ пен ауа ылғалдылығын, жылыжайдағы ауа температурасын бақылауды және топырақты қажеттілігіне қарай суаруды автоматтандырудың жолын тапты.
"Arduino сандық бағдарламасымен жасалған "ақылды жылыжай" веб-интерфейсы арқылы басқарылады. Жас өнертапқыштар командасының айтуынша, бұл шаруаларға су мен электр энергиясын үнемдеп қана қоймай, жылдың кез келген мезгілінде ауаның қолайсыздығына қарамастан, жақсы өнім алуға мүмкіндік береді", – делінген министрлік хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Елорда мектептерінде 26 мың оқушыға орын жетпейді
Оқушылардың мұндай технологиялық тәсілді ойлап табуына өңірдегі жаз мезгілінің қысқалығы мен ауа температурасының салқындығы себеп болған.