Шымкенттік тұрғындардың бұл әрекетінен кейін қылмыскерлер құрықталған.
Шымкентте сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы құзырлы органдарға дер кезінде хабар жеткізген бес азаматқа 9 миллион теңгеге жуық сыйақы берілді.
"Шымкенттік тұрғындардың бұл әрекетінен кейін қылмыскерлер құрықталған. Ал өткен жылы Шымкентте жеті ақпарат берушінің арқасында оңай олжа тапқысы келгендер қолға түскен", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бір жолғы ақшалай сыйақы ұсынылған пара сомасының 10 пайызын құрайды. Бұл қаржы кінәлілерге сот үкімі шығарылғаннан кейін беріледі.
Сонымен қатар ақпарат берушілер туралы мәліметтер ешқайда жарияланбайды, құпиялығы сақталады.