Тікелей эфир

"9-20-25": жас отбасыларға арналған жаңа ипотека туралы не белгілі?

Бағдарлама әлі де әзірлену үстінде.

"Отбасы банкінде" Informburo.kz сауалына жауап беріп, «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасының іске қосылуы туралы жаңа мәліметтер айтты.

26 қаңтарда Қостанай облысына сапары кезінде бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов 1 наурыздан бастап жаңа «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді. Ақпанның 1-і күні Сенат отырысында Informburo.kz тілшісінің сауалына ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі Тимур Қарайғошин бағдарлама бойынша түпкілікті шешім жақында қабылданатынын растады.

Алайда "Отбасы банкі" бағдарламаның іске қосылу күнін атай алмады.

"9-20-25" бағдарламасы әзірлену үстінде, сондықтан нақты іске қосылу күні мен оны жүзеге асырудың егжей-тегжейлі шарттары туралы әзірге айту мүмкін емес. Жаңа бағдарлама бойынша жеке меншік үйі жоқ отбасылар баспана алады деп болжануда. Тұрғын үйді бастапқы нарықта жеке құрылыс салушылардан сатып ала алады", – деп жазылған хабарламада.

Бағдарлама нарықтық қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады, бюджет қаражаты пайдаланылмайды. Бұл ретте бағдарлама бойынша несиелеудің түпкілікті мөлшерлемесі нарықтағы қаражатты тарту қарқынына байланысты болады.


Оқи отырыңыз: 2025 жылға дейін шағын және орта бизнес иелеріне 7 млрд теңге несие беріледі. Жылдық мөлшерлеме – 6%


"Отбасы банкі" жыл сайын 150 миллиард теңге көлемінде бюджеттен тыс ресурстар тартуды жоспарлап отырғанын, бұл жылына қосымша 8 мың отбасын баспанамен қамтамасыз ететінін еске салды.

"9-20-25 бағдарламасына қатысу рәсімінің барынша ашық болуы үшін қарыз алушының келісімімен "Отбасы Банкінің" интернет-ресурстарында несие алғандардың тізімдерін жариялау жоспарлануда. "Отбасы банкі" қазақстандықтарды қосымша хабардар етіп, толығырақ ақпарат береді", – деп жазылған жауап хатта.

Серіктестер жаңалықтары