Тікелей эфир

76 жастағы қазақстандық зейнеткер Нью-Йоркте 42 шақырым марафонды жүгіріп өтті

Салтанат Түйтібаев енді келер жылы Жапонияда өтетін ардагерлер марафонына қатысуды жоспарлап отырғанын айтты.

Қазақстандық кәсіби марафоншы, ұстаз Салтанат Түйтібаев 7 қараша күні Нью-Йорк қаласында өткен халықаралық марафонға қатысып, көпшілікпен бірге 42 шақырым 195 метр жүгіріп өтті.

Жыл сайын қараша айының алғашқы демалысында өтетін марафонға қатысу үшін Салтанат Түйтібаев осыдан 2 жыл бұрын Амстердамда норматив тапсырған. 75 пен 79 жас аралығындағы марафоншылар санаты бойынша қатысқан ұстаз бұған дейін 22 халықаралық жүгіру марафонына қатысқан.

Ұстаз 2022 жылдың мамыр айында Жапонияда өтетін халықаралық ардагерлер марафонына қатысуды жоспарлап отырғанын айтты. Аталған марафон биыл өтуі тиіс еді пандемияға байланысты бір жылға шегерілді. 

Еске салсақ, Салтанат Түйтібаев осыған дейін Жаңа Зеландияның Окленд қаласында ардагерлер арасында өткен марафонда 1-орын, Аустралияда жүгіруден өткен әлем біріншілігінде 2-орын алды.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары