Steppe and World баспа үйі Қазақстандағы БҰҰ-мен бірлесе отырып "Шұғылалы әңгімелер" ертегілер байқауын жариялады, деп хабарлады баспаның директоры Раиса Сайран Қадыр.
Ертегілердің сюжеті:
- Қыздар мен ұлдар үшін қазіргі заманға лайық модельдер, қыздар мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, STEM мамандықтарға қыздарды араластыру, гендерлік зорлық-зомбылыққа және негатив гендердік стереотиптерге қарсы әрекет;
- Бейбітшілік пен достық, жаһандық мәдениеттер мен этностар арасындағы қатынас, мәжбүрлі қоныс аудару, баспана беру және іздеу, тең құқық пен азаматтықтың маңызы;
- Белсенді әке болу және отбасы міндеттерін тең атқару, моно ата-аналар мен осал топтарды қолдау, инклюзив қоғам;
- Экология мен қоршаған ортаға қамқорлық тақырыбында болуы тиіс.
- Сонымен қатар дәстүрлі ертегілердің элементін қазіргі заманға бейімдеп қолдануға рұқсат етіледі.
Ертегі 7 жасқа толмаған балаларға арналуға тиіс. Көлемі 800-1000 сөз болуы қажет. Қазақ тілінде болуы міндетті.
Оқи отырыңыз: "Қазақ ертегілері де қорқынышты ғой". Вице-министр Nickelodeоn-ды қазақша сөйлету туралы пікір білдірді
Редакторлар үздік ертелігерді іріктеп, Қазақстандағы БҰҰ қолдауымен ертегілер жинағын шығарады. Үздік авторлармен авторлық құқық бойынша келісім-шарт жасалып, сыйақы төленеді.
Өтінімдер 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін info@steppeandworld.com поштасына қабылданады. Оны "Автордың аты-жөні – Ертегілер байқауы" деген тақырыппен жіберу қажет.