7 қазаннан бастап Шымкенттен Түркістанға тегін автобус туры ұйымдастырылады, деп хабарлады Visit Turkеstan.
Автобустар әр сенбі, жексенбі күндері таңертең Шымкенттен Түркістанға барып, кешкі уақытта Шымкентке кері қайтады. Автобус Түркістанға қарай Шымкенттегі Shymkent Grand Hotel қонақ үйінің тұрағынан таңертеңгі 9:00-де жолға шығатын болса, Түркістандағы Visit Turkestan кеңсесінің тұрағынан кешкі 19:00-де Шымкентке аттанады.
Тегін автобус турына қатысу үшін Visit Turkestan сайтында тіркелу керек. Жобаға қатысушылар Арыстан баб кесенесі мен көне Отырар қалашығына тегін кіре алады.
Айта кетейік, тегін автобус туры Kazakh Tourism қолдауымен Turkistan Travel Fest фестивалі аясында ұйымдастырылып отыр.
Оқи отырыңыз:
- Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
- Түркістан 2024 жылы түркі әлемінің астанасы болуы мүмкін