Партия төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.
Amanat партиясының кезектен тыс съезі 7 ақпанда өтеді. Бұл туралы партияның Telegram-арнасында хабарланды.
Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды. Съезд 7 ақпанда Астана қаласында өтеді. Съезд жұмысына Қазақстанның барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның орталық аппараты өңірлік филиалдармен бірге дайындық жұмысын бастады.
Оқи отырыңыз: 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауының ерекшеліктері қандай? 12 сұраққа жауап
Еске сала кетсек, парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді. Парламенттің төменгі палатасына 98 депутат сайланады.