Тікелей эфир

69 жастағы атыраулық велосаяхатшы Өскеменге келді

Үш аптаға жуық жолда жүрген велосаяхатшы осымен тоқтап қалғалы тұрған жоқ.

1 тамыз күні облыс орталығына атыраулық велосаяхатшы Жұмабай Отарғалиев келді. Бұл туралы yk-news.kz жазды.

Велосаяхатшы Өскеменде аздап дамылдап алғаннан кейін Семей, Павлодар, Қарағанды, Астана және басқа да қалаларға барып, одан кейін үйіне оралады. Ол жолда тағы 50 күн өткізуді жоспарлап отыр.

Жақында 69 жасқа толған ол тұрақты жаттығулардың арқасында әлі де тың көрінеді.

"2017 жылы үйде отырмай, велосипедпен тебуді шештім. Велосипедке алғаш отырған кезде аяғым құрысып қалды. Ал қазір орташа қарқынмен ұзақ уақыт жүре аламын", – деді Жұмабай Сәденұлы.


Оқи отырыңыз: Solo travel: 2 жылда қалай әлемнің 26 елін жалғыз аралауға болады?


Ол спорттағы жетістіктерін еліміздегі айтулы күндерге арнайды. Велосаяхатшы қазіргі сапарын Байбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойына арнайды.

Серіктестер жаңалықтары