Тікелей эфир

63 ел ішінде 59-орын: Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі қанша?

Қазақстанда электр энергиясы өндірісі 30 пайыз өсті.

Биыл Қазақстанда жаңартылған энергия көздерін қолдану бойынша объектілердің белгіленген қуаты 2 мың мегавольтты құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23% көп. Өткен жылдың басында 1,6 мың мегавольт болған еді, бір жылда 55,7% өскен, деп хабарлайды energyprom.kz сайты. 

2016 жылмен салыстырғанда жаңартылған энергия көздерін қолдану бойынша объектілердің белгіленген қуаты 6,8 есе өсті. 

Орнатылған қуаттың көп бөлігі:

  • күн электр станцияларына тиесілі – 51,6%-ы немесе 1 мың мегавольт, бір жылда 13,8% өскен;
  • Жел электр станциясы – 684 мегавольт, бір жылда 40,6% өсті;
  • Гидро электр станциясы – 281 мегавольт;
  • Био электр станциясы – 7,8 мегавольт.

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жаңартылған энергия көздерінің электр өндірісі бір жылда бірден 30,1%, 4,2 млрд киловольт сағатына өсті. Жаңартылған энергия көздерінің өндірісі жалпы көлемнің 3,7 пайызын құрады.


Оқи отырыңыз: "60 мың үйге жарық береді". Алматы облысындағы жел станциясының құрылыс алаңынан репортаж


Жаңартылған энергия көздерінің электр өндірісінің көп бөлігі жел электр станциясына тиесілі 42,1% немесе сағатына 1,8 млрд кВт. Бір жылда 65% өскен. 

  • күн электр станциялары – сағатына 1,6 млрд кВт;
  • кішігірім гидро электр станциялары – сағатына 799,7 млн кВт;
  • био электр станциялары – сағатына 3 млн кВт өндірді. 

Bp.com порталының мәліметінше, 2020 жылы әлем бойынша жел электр станциясы объектілерінің электр өндірісі 12,8%, 3,1 трлн киловольтқа дейін артты. Өндіріс көлемі жағынан Қытай, АҚШ және Германия алда келеді. Осы үш мемлекеттегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі – 52,3%.

ТМД елдері ішінде Украина алда келеді. Мұнда электр энергиясы өндірісінің көлемі 9,7 млрд киловольтты құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 83,9% көп. 

Екінші орында Қазақстан сағатына 3,7 млрд кВ (Ақпарат ҚР энергетика министрі берген ақпараттан өзгеше).

Парник газдары шығарындыларын азайту үшін жаңартылған энергия көздері объектілерін енгізу бойынша Қазақстан 63 мемлекеттік ішінде 59-орында.


Оқи отырыңыз: Қазақстанға қандай ядролық реактор қажет? Сұхбат


ҚР барлық 20 балдың 2,54 балын ғана алды. 

Аталған ретйингте ТМД елдері ішінде Украина мен Беларусь Қазақстаннан жоғары орналасқан. Ал Ресей төмен. 

Серіктестер жаңалықтары